26.09.2023
 Қаз  Рус  Eng 中文
«Efenday» Интернет басылым
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Әлем
    • Қазақстан
    • Денсаулық
    • Экономика
    • Саясат
    • Білім және Ғылым
    • Спорт
    • Мәдениет
    • Бизнес
    • Саяхат
    • Шоу-бизнес
  • Қоғам
    • Психология
    • Философия
    • Сұхбат
    • Лайфхак
  • Тарих
  • Технология
  • Рейтинг
  • Видео
  • Efenday Production
No Result
Барлық нәтижені көру
«Efenday»
No Result
Барлық нәтижені көру
«Efenday» Интернет басылым
No Result
Барлық нәтижені көру
Home Тарих

ҚЫЗЫЛОРДА ДЕП ҚАЛАНЫ АТАҒАН КІМ?

Автор Editor
Мамыр 3, 2023
145
in Тарих, Қазақстан, Жаңалықтар
145
0
ҚЫЗЫЛОРДА ДЕП ҚАЛАНЫ АТАҒАН КІМ?
Share on FacebookShare on Twitter

Өткеніне үңілсең ғасырлардан сыр тартатын, бүгінін бағамдасаң
келешегінің кемелдігін аңғартатын Қызылорда Алаштың анасы ғана
емес, айбары да болып үлгерді. Биыл Қызылорданың астана болғанына
95 жыл толып отыр. Осыдан 95 жыл бұрын Қазақ мемлекетінің
астанасына мұндай атау беруді кім ұсынды? Бұл идея қайдан туды?

2003 жыл. Алматы қаласындағы А.С.Пушкин атындағы кітапханаға
бардым. Мақсатым – жыраулар поэзиясына, оның ішінде Бұқар жыраудың
толғауларына талдау жасау. Өзіме қажетті кітаптар мен ескі газет-
журналдарды алып, оқырмандар залына беттедім. Кенет алдымнан қазақ
руханиятына бақ боп біткен маңдайалды ғалымның бірі Тұрсынбек Кәкішев
шыға келді. Ғалым ағамызды бір-екі рет көргенім болмаса, арнайы
таныстығым жоқ. Сол себепті амандық-саулықтан ары аса алмадық. Бірақ
руханият тереңіне дендеп бойлаған адамдармен сөйлесіп, дидарласу жаныма
жақын. Содан ба, әйтеуір, сол күні Тұрсынбек ағаймен жақын танысуға,
ашық пікір алмасуға бел будым. Ол кісі кітапханада төрт сағаттан аса
отырды. Ағай кетіп қалмасын деп, өзіме керекті материалдарды түртіп,

белгілеумен болдым. Бір кезде ағай орнынан көтеріліп, қайтуға ыңғайланды.
Мен де осы сәтті күтіп отырған едім. Бірден ағайға ілесіп, кітапханадан
сыртқа қарай шықтым. Қайта амандасып, ғалымның кітаптарын ықыластана
оқитынымды, өзін құрмет тұтатынымды айттым. Содан қоярда қоймай
ағайды сол маңдағы дәмханаға шәйға шақырдым. Шәй үстінде көп әңгіме
айтылды. Тұрсынбек ағайдың білімділігі сонша, тыңдай бергің келеді.
Әсіресе, Сәкен мен Мағжан туралы көсіле сөйлегенде, ол кісіні бөлмек былай
тұрсын, тоқтату мүмкін емес. Сөзден сөз шығып, менің қай жерден екенімді
сұрады. Мен Қызылордадан екенімді айтқанымда: «Е, сен бала
Қоңырқожаның елінен болдың ғой» деді. Бұл кісінің айтып отырғаны
Қоңырқожа Қожықов екенін бірден түсіндім. Тұрсынбек Кәкішев:
«Қызылорданы Қызылорда деп атауға ең бірінші болып ұсыныс берген де,
атын ойлап тапқан да осы кісі» дегенінде қатты таңғалдым. Қазақ
руханиятына Қожықовтардың қосқан орасан-зор үлесі барын білетінмін.
Бірақ Алашқа ана атанған Сыр өлкесінің бас қаласына атау бергенін
естімеппін.
…Арада 17 жыл өтті. 2020 жылы Қызылорда қалалық «Ақмешіт
апталығы» газетінің тізгінін ұстау бұйырды. Мына қызықты қараңыз, дәл осы
кезде Қызылордада қала күні мерекеленіп жатыр. Пандемияның салдарынан
мерекелік шаралар онлайн форматта өтті. Бір апта бойы онлайн форматта
өткен шаралар, ашылған мектеп, саябақ пайдалануға берілген  тұрғын үй
жұртшылыққа қуаныш сыйлауда. Осы тұста 17 жыл бұрынғы Тұрсынбек
Кәкішевтің Қызылорданы Қызылорда деп атауға ең бірінші болып ұсыныс
беріп, атын ойлап тапқан Қоңырқожа Қожықов жайлы айтқаны есіме түсті.
Дереу тарихи деректерді ақтара бастадым. Тұрсынбек Кәкішевтей тұлғалы
ғалымның бір дерекке сүйеніп айтқаны белгілі ғой. Ондай адамдар тарихи
деректерге қатысты айтқанда, сүйенетін дәлелінің болатыны анық.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1925-1929 жылдары Қызылорданың ел астанасы
болғаны айтылады. Орынбордан Ақмешітке орталық қаланы ауыстырғанда
саяси элита да Сыр бойына келген болатын. 
Архив құжаттарын негізге ала отырып, тарихи деректерді сөйлетер
болсақ, 1925 жылдың сәуірінде Қазақ АКСР кеңестерінің V съезіне сайланған
делегаттар мен үкімет мүшелері Ақмешітке келген. Осы қалада сол кезде бес
күнге созылған съезд өтіпті. Бұл жайында облыстық «Сыр бойы» газеті бас
редакторының орынбасары Г.Жалғасова «Алаштың алты қанат ақ ордасы»
атты мақаласында: «15 сәуірде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан
еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қырғыз (Қазақ) АКСР кеңестерінің V
съезі салтанатпен ашылды» деп жазады. Бұл съезде ұлтымыз бен қаламызға
қатысты екі тарихи шешім қабылданған. Олар ресми құжаттарда қырғыз
аталып келген ұлт атауын қазақ етіп, тарихи қателікті жөндеу және Ақмешіт
атауын Қызылорда деп өзгерту болды.
Жалпы ұлт атауына қатысты тарихи қателікті жөндеу жайлы мәселені
қайраткерлер бұған дейін де көтерген. Дәлелді алыстан іздемей-ақ ғалым

Тұрсынбек Кәкішевтің еңбектеріне үңілейік. Ол кісі Сәкен Сейфуллиннің
тәуелсіздік жылдарына дейін беймәлім болып келген бірнеше мақаласын
тапқан. Соның бірі – 1923 жылы жазылған  «Қазақты қазақ дейік, қатені
түзетейік» атты мақаласы.
Ұлттың атауына келгенде бәрі түсінікті, ел қамын жеген азаматтар
әбден ойланып, толғанып барып қабылданған шешім. Ал Қызылорда атауы
ше? Бұл жайында тарихшы ғалым Х.Тұрсын өзінің «Алаш қозғалысының
оңтүстік қағанаты» атты еңбегінде архив құжаттарына негізделген мәлімет
келтіреді. Ғылыми еңбекке Дінше Әділовтің 1928 жылы ОГПУ тергеушісіне
берген жауабы енгізілген. Онда: «Қожанов, мен, Есболов Табынбаевтың
үйінде түскі ас іштік. Съезд аяқталуға таяған еді. Сол кезде үкімет көшіп
келген Ақмешіт қаласының атын өзгерту мәселесі көтерілген болатын. Жаңа
астананы қалай атау жөнінде ойластық. Қызылорда атауын алғаш ағартушы-
ғалым Қоңырқожа Қожықов ойлап тапты. Одан «неге?» деп сұрадық. Бұл –
қос қатпарлы атау, ол екі жақты да қанағаттандыруы тиіс екенін айтты.
«Қызыл» – демек большевиктерге ұнайды, ал «Орда» – ұлттық атау. Демек
ол жақ та, бұл жақ та кінә арта алмайды. Бұл – ұсыныспен келістік.
Сұлтанбек Қожанов съезде кезектен тыс сөз алып, ұсыныс жасады: бірінші
ұсыныс Қырғыз республикасын Қазақ республикасы деп атау керек десе,
екіншісі – Ақмешіт қаласын Қызылорда деп атау жөнінде. Съезд екі
ұсынысты да бірауыздан қабылдады» делінген. Бұдан Қызылорда атауын
съезде көпшілікке ұсынған Сұлтанбек Қожанов болса, оны ойлап тапқан
Қоңырқожа Қожықов екенін көруге болады. Ал дәл осы тарихи оқиғаға биыл
95 жыл толып отыр. Демек сүйікті қаламыздың Қызылорда атанғанына да 95
жыл болды деген сөз.

Әзиз БАТЫРБЕКОВ

Advertisement Banner Advertisement Banner Advertisement Banner

Related Posts

Мәйек деген не?
Тарих

Мәйек деген не?

Мамыр 3, 2023
Жалған ақпаратты ойлап табатын кімдер?
Қазақстан

Жалған ақпаратты ойлап табатын кімдер?

Мамыр 3, 2023
Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы..
Денсаулық

Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы..

Мамыр 3, 2023

ҮЗДІК ЖАЗБАЛАР

ҚЫЗЫЛОРДА ДЕП ҚАЛАНЫ АТАҒАН КІМ?

ҚЫЗЫЛОРДА ДЕП ҚАЛАНЫ АТАҒАН КІМ?

Мамыр 3, 2023
Мәйек деген не?

Мәйек деген не?

Мамыр 3, 2023
Жалған ақпаратты ойлап табатын кімдер?

Жалған ақпаратты ойлап табатын кімдер?

Мамыр 3, 2023
Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы..

Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы..

Мамыр 3, 2023

РЕДАКТОРДЫ ТАҢДАУЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ДЕП ҚАЛАНЫ АТАҒАН КІМ?

Мамыр 3, 2023

Мәйек деген не?

Мамыр 3, 2023

Жалған ақпаратты ойлап табатын кімдер?

Мамыр 3, 2023

Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы..

Мамыр 3, 2023
Advertisement Banner Advertisement Banner
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

E-mail: efendaymedia@gmail.com
Телефон: +77713474826

  • Реклама
  • Байланыс
  • Біз туралы

Since 2020 © «Efenday» Ақпарат агенттігі

No Result
Барлық нәтижені көру
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Әлем
    • Қазақстан
    • Денсаулық
    • Экономика
    • Саясат
    • Білім және Ғылым
    • Спорт
    • Мәдениет
    • Бизнес
    • Саяхат
    • Шоу-бизнес
  • Қоғам
    • Психология
    • Философия
    • Лайфхак
    • Сұхбат
  • Тарих
  • Технология
  • Рейтинг
  • Видео
  • Efenday Production
  • Қазақ тіліҚазақ тілі
    • EnglishEnglish
    • РусскийРусский
    • 中文中文

Since 2020 © «Efenday» Ақпарат агенттігі